Мәзір
Бүгін, 09:35 / BuginMedia / Спорт

«Жеңіс» футбол клубының 19 жастағы ойыншысы жол апатынан көз жұмды

«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы Виктория Кайсаринова жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды buginmedia.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жеңіс» футбол клубының 19 жастағы ойыншысы жол апатынан көз жұмды «Жеңіс» футбол клубының 19 жастағы ойыншысы жол апатынан көз жұмды
Фото: «Жеңіс» футбол клубы

 

Қайғылы жағдай бүгін Павлодар-Астана тас жолында болған. Футбол ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты.

«Жол апаты салдарынан біздің команданың футболшысы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Осы жағдай жүк көлігімен соқтығысуға әкелді.

Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория ғажап ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - деп жазылған клубтың хабарламасында.

Виктория 19 жаста еді. Ол қорғаушы ретінде ойнады және осы маусымда 17 матч өткізді, оның 14-інде негізгі құрамда болды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2