Мәзір
15 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Экономика

Қазақстанда 7%-дан басталатын жаңа ипотека іске қосылды

ForteBank бастапқы немесе екінші нарықтан баспана сатып алуға арналған жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосты. Бұл туралы Telegram-дағы «Казахстан подешевле» арнасы хабарлап, ақпаратты банк растады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда 7%-дан басталатын жаңа ипотека іске қосылды Қазақстанда 7%-дан басталатын жаңа ипотека іске қосылды
Фото: shutterstock.com

kursiv.media жазуынша, ипотека бойынша бастапқы жарна тұрғын үй құнының кемінде 30%-ын құрауы тиіс. Қарыз сомасы — 100 млн теңгеге дейін, ең ұзақ мерзімі — 15 жыл. Жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген болуы қажет.

Несие бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) бастапқы жарна көлеміне байланысты:

50% жарна енгізгенде — 7,48%;

40% жарна енгізгенде — 10,79%;

30% жарна енгізгенде — 13,05%.

Ипотеканы рәсімдеу тек банк бөлімшесінде жүргізіледі және бұл үшін комиссия алынбайды. Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Сыйақы мөлшерлемесі қарыздың толық сомасына есептеледі.

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2