Мәзір
6 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды – Бас прокуратура

Бас прокуратура Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлады buginmedia.kz.

Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды – Бас прокуратура Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды – Бас прокуратура
Фото: baq.kz

"Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген ақпаратта.

Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.  

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.  

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2