Мәзір
5 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматыда мектеп оқушысы қайтыс болды

Алматыда жекеменшік мектептің 11-сынып оқушысы суицид жасады,  деп хабарлады buginmedia.kz kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Алматыда мектеп оқушысы қайтыс болды Алматыда мектеп оқушысы қайтыс болды
Фото: sotwe.com

Әлеуметтік желіде 17 жастағы қыздың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Желіде жасөспірім мұндай қадамға мектеп директоры мен директор орынбасарынан ұрыс естігеннен кейін барғанын жазып жатыр. Қыздың мектеп шығарылғаны айтылған. Бұған оқушының 1 қыркүйекке мектеп формасын киіп келмегені, көзіне қызыл линза тағып келгені себеп болған деп жазды.

Алматы полиция департаменті жасөспірімнің суицид жасағанына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2