“Ешқандай өзгеріс жоқ. Бұрын хабарланғандай, сот өндірісінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде болған қылмыстық бар. Іс халықаралық тергеу тапсырмасына сәйкес тоқтатылды”, – деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы орынбасары Жеңіс Елемесов.
Журналистер сондай-ақ Нұрлан Нығматулиннің ұлының мәртебесі туралы сұрады.
"Әзірге куәгер ретінде қаралып жатыр. Біздің сұранымымызға қатысты жауап келген соң оның мәртебесі анықталады", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін отандық кәсіпкер Қанат Әміркин Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы өзінен "Алатаудорстрой" компаниясын тартып алып, одан үлкен сомада ақша талап еткенін айтқан еді. Сөйтіп Нұржан Нұрлановтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Дегенмен кейіннен оның рейдерлікке қатысы бар күдікті ретінде танылмағаны айтылды.