Бұл туралы блогер өзінің Instagram әлеуметтік желісіне жариялады. Оның сөзінше, таңертең министрліктен белгісіз адам келіп, жасап жатқан ісіне түсініктеме беретіні туралы бір жапырақ қағаз беріп кеткен.
«Былтыр да Астанада тура осындай жағдай болған. Сол кезде ешқандай қорғаушысыз-ақ сотта өзімнің істеп жүрген жұмысымның адал екенін дәлелдеп шыққанмын. Бұл мені көре алмайтын адамдардың тірлігі», – деді Ырысбала.
Ол қорқатын ештеңе жоқ екенін айтты.