Мәзір
7 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Талғарда полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне қатысты іс қозғалды

6 қыркүйекте Алматы облысы прокуратурасы Талғар ауданы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларының әрекетсіздігі фактісі бойынша (ҚК 370-бабы 4-бөлігі) қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады buginmedia.kz

Талғарда полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне қатысты іс қозғалды Талғарда полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне қатысты іс қозғалды
фото: Halyq Uni

"Олардың тарапынан зорлау жасады деген күдіктіні ұстау және қажетті шаралар қабылдау бойынша әрекет жасалмаған. Нәтижесінде күдікті Талғар ауданы Қызыл-Қайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қыз баланы ұрлаған. Аталған қылмыстық іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Тергеу барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауында тұр", - делінген хабарламада.

Прокуратура жалған ақпарат таратқаны үшін заңмен жауапкершілік көзделгенін ескертеді және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін Талғарда тағы да жантүршігерлік қылмыс болғаны хабарланды. Қыздың тіліне сегіз тігіс салынған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2