Мәзір
2 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Аймақ

Алдағы күндері Қазақстанда 2°С-қа дейін үсік күтіледі

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнде үсік жүретін аймақтарды атады, деп хабарлады buginmedia.kz.

Алдағы күндері Қазақстанда 2°С-қа дейін үсік күтіледі Алдағы күндері Қазақстанда 2°С-қа дейін үсік күтіледі
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәлімпетінше, Қазақстанның ауа райына Жаңа Жер аймағынан келген суық ауа массаларымен толыққан антициклон әсер етуде, ол республиканың басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуін әкеледі.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі уақытта ауа температурасы +2…+8°С-қа дейін төмендеп, топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік күтіледі. Тіпті оңтүстік-шығыс өңірлерінің тұрғындары да күндізгі уақытта ыстықтың бәсеңдеп, +20…+28°С шамасында болатынын сезінеді. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысы кезеңнің басында Иран аймағынан келген жылы ауа массаларының ықпалында болады, онда әлі де +32…+40°С қатты ыстық сақталады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2