Мәзір
Бүгін, 11:51 / BuginMedia / Білім

Биылғы оқу жылында оқушыларды биыл не күтіп тұр?

1 қыркүйек – Білім күні Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұстаздар мен оқушыларды құттықтады, деп хабарлады buginmedia.kz.

Биылғы оқу жылында оқушыларды биыл не күтіп тұр? Биылғы оқу жылында оқушыларды биыл не күтіп тұр?
Фото: istockphoto.com

Айтуынша, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 8 мыңнан астам мектеп 4 миллион оқушыға өз есігін айқара ашады. Оның ішінде бірінші сыныпқа 360 мыңнан астам бала барады.

«Оқушылар мен олардың ата-аналарын осы маңызды күнмен шын жүректен құттықтаймын! Өткен оқу жылы ұстаздарымыз бен оқушыларымыз үшін толағай табыстарға толы болды. Ел мектептерінде еңбек етіп жүрген 600 мыңға жуық мұғалімнің тынымсыз еңбегінің арқасында біз биік белестерді бағындырдық. Қазақстандық оқушылар халықаралық білім сайыстарында мыңнан аса медаль иеленді, оның ішінде 193 алтын бар. Әрбір екінші қатысушы елге жеңіспен оралды», – деді Бейсембаев.

Қазір елімізде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда білім береді. 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр, тағы 245 ғимарат реновациядан өтіп жатыр. Нәтижесінде жарты миллионнан астам қазақстандық оқушы осы жылдан бастап заманауи әрі жайлы мектептерде білім алмақ.

«1 қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «ДосболLIKE» антибуллингтік жобасы іске қосылады. Сондай-ақ кезең-кезеңімен мектептерге бірыңғай дизайн-код енгізіледі. Барлық мектептерде жасанды интеллектінің жаппай еңгізу қадам-қадаммен іске асырыла бастайды», – дейді министр.

Апта талқысында: