Мәзір

2-4 сынып оқушыларына жаңа талап: диктант, мазмұндама, бақылау жұмысы басталады

2-4 сынып оқушыларына жаңа талап: диктант, мазмұндама, бақылау жұмысы басталады 2-4 сынып оқушыларына жаңа талап: диктант, мазмұндама, бақылау жұмысы басталады
ашық дереккөз

23-30 қыркүйек аралығында Қазақстан мектептерінде 2-4 сынып оқушылары үшін алғашқы аралық бағалау өткізіледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026-2027 оқу жылында бастауыш сыныптарда формативтік және аралық бағалау қатар жүргізіледі.

Аралық бағалау оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдері бойынша өтеді. Оның форматы пәнге байланысты болады.

Қазақ тілі және орыс тілінен оқушылар диктант жазып, оқу сауаттылығына арналған тапсырмаларды орындайды. Бұл ретте мәтінді сауатты жазуы және мазмұнын түсінуі бағаланады.

Әдебиеттік оқуда шығарма немесе мазмұндама жазып, оқу сауаттылығына арналған тапсырмаларды орындайды. Мәтінді түсінуі, негізгі ойды анықтауы және өз ойын жүйелі жеткізуі ескеріледі.

Математикадан бақылау жұмысы өткізіледі. Оқушының есептеу дағдыларымен қатар, есептің шартын түсінуі, шешу жолын дұрыс таңдауы және жауабын негіздей алуы бағаланады.

"Бір аралық бағалау жұмысына 40 минут беріледі. Ең жоғары балл 2-сыныпта – 12, 3-сыныпта – 14, 4-сыныпта – 16 балл", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар формативтік бағалау тоқсан бойы жалғасады. Мұғалім әр оқушыны өткізілген сабақтардың кемінде 30 пайызында бағалап, тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарының кемінде 50 пайызын қамтуы керек. Нәтиже 1-10 балдық шәкіл бойынша бағаланады.

Министрлік каллиграфия бағалаудың арнайы мақсаты болмаса, оқушының жазу ерекшелігі үшін оның балы төмендетілмейтінін атап өтті. Ал 1-сынып оқушыларына балдық бағалау қойылмайды.

Министрліктің мәліметінше, бағалаудың мақсаты – тек баға қою емес, оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін анықтап, оның ілгерілеуін бақылау және әрі қарай дамуына бағыт беру.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2