Мәзір
27 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Көрпемді шайнап жатырмын»: әйелімен ажырасқан ер адам күтпеген жағдайға тап болды

Заңгер Ләззат Рақышева тағы бір хатты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Көрпемді шайнап жатырмын": әйелімен ажырасқан ер адам күтпеген жағдайға тап болды "Көрпемді шайнап жатырмын": әйелімен ажырасқан ер адам күтпеген жағдайға тап болды
Фото: yaplakal.com

"Мен еркекпін, басымнан өткен оқиғаны айтайын деп едім. Үйлендім әйеліммен сегіз ай тұрдым. Аллаға шүкір айлығым өте жақсы, 1.5 млн шамасында, тек үйден жырақта вахталық демесе. Әйелім мені үйінің кредитін, қайын апамның, балдызымның кредитін жабамын деп пайдаланды. Қымбат сыйлықтар алғызды. Бүкіл жайғдайды жасадым. Бір күні бірақ, қарындасыма телефон алып берейін десем, бірінші маған сосын оған деді. Еркедігі шығар дедім да мән бермеп едім. Анама алып берем десем, бірінші маған, сосын шешеңе дейді. Сенің шешеңе не айфон керек дейді, жарайды оның бәрі өтті кетті. Ең өкініштісі қазір қорқып жүрмін. Әйелім кеткелі жыныстық қатынас болмағандықтан, ойыма көп нарсе келеді. Әртүрлі қыздар, елестей береді. Әрдайым түсімде көремін. Бір күні түнде түсімде бір қызбен болып жатырмын, оянып кетсем көрпемді итеріп, бас жағын шайнап жатыр екенмін. Енді қорқамын, қасымда адам жатса солай істеп қоймаймын ба екен деп. Ол психикалық ауру емес деп үміттенемін. Кеңес берулеріңізді сұраймын", - деп жазды ол.

Апта талқысында: