Instagram әлеуметтік желісінде Луиза Алданова қазір депрессияда жүргенін, әлеуметтік желідегі парақшасын жабу немесе оны жеке (приватный) аккаунтқа айналдыру туралы ойлап жүргенін жазды. Сондай-ақ ол оқырмандардың бірі қойған «Бәрі сізден шындықты және күйеуіңіздің сөзін растағаныңызды естігісі келеді» деген пікірге жауап берді.
«Ешкімге ешқандай жауап бермеймін, бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеймін», – деп жазды ол.
Айта кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс болып, қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов жарақат алған. Сол күні полиция Ернар Жиембайды қамауға алды.