Видео Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында жарияланған. Видеоның сипаттамасыгда дрон Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі екені жазылған.
Саяжайларды тексеру кезінде облыстық ТЖД қызметкері күдіктіні тапқан. Содан кейін ол күдіктінің қайда жасырынғанын полиция департаментінің жедел тобына хабарлаған.
"Оны дүкеннің маңынан байқаған. Содан кейін полиция іздестіру жұмыстарына дронға түсіретін адамды да тартқан. Видео ауыл чатына жіберілген", - делінген парақшадағы жазбада.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі видеоны растап, дрон департаментке тиесілі екенін хабарлады.