Halyqstan мәліметінше, SU793 рейсін борт нөмірі RA-73766 болатын Airbus A320 ұшағы орындаған.
Ұшу кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлап, ол есінен танып қалған. Бортсерік ер адамның тамыры соқпай тұрғанын анықтап, дереу жүрек-өкпе реанимациясын бастаған.
Ұшақ Атырауға қонған соң бортқа медицина қызметкерлері көтеріліп, реанимациялық шараларды жалғастырған. Алайда дәрігерлердің әрекетіне қарамастан, жолаушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Оқиғадан кейін ұшақ марқұмның денесін алып, Екатеринбург бағыты бойынша сапарын жалғастырған.