Толығырақ
Бейнежазбада полицейлердің көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстаған сәті көрсетілген. Сонымен қатар кадрларда апат салдарынан зақым келген көліктер, жүргізушіден жауап алу барысы және сот процесі де қамтылған. Видео Елеусіновтің тергеу изоляторына жеткізілген сәтімен аяқталады.
Полиция спортшыға қатысты мас күйінде көлік жүргізу, жол-көлік оқиғасы кезінде міндеттерін орындамау және көліктерге материалдық залал келтіру фактілері бойынша әкімшілік материалдар жиналғанын хабарлады.
"Әкімшілік істі қарау қорытындысы бойынша сот жүргізушіні кінәлі деп танып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", - делінген хабарламада.
Полиция көлік құралын масаң күйде басқару және жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу заңнаманы өрескел бұзу болып саналатынын және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретінін ескертеді.