Мәзір
18 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Өзіне сыйлық жасамақ болған»: Астана маңында құлаған ұшақ апатынан 3 баланың анасы қаза тапты

Ақмола облысында 17 тамызда апатқа ұшыраған ұшақта үш балангың анасы  43 жастағы Диана Ахметова болған. Әйел ұшақпен ұшып, туған күнінде көптен бергі арманын іске асырмақ болған. Онымен бірге ұшақ иесі Арман Мусин де көз жұмды, деп хабарлайды buginmedia.kz newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

"Өзіне сыйлық жасамақ болған": Астана маңында құлаған ұшақ апатынан 3 баланың анасы қаза тапты "Өзіне сыйлық жасамақ болған": Астана маңында құлаған ұшақ апатынан 3 баланың анасы қаза тапты
Фотоколлаж: ИА «NewTimes.kz»

Марқұмның таныстарының айтуынша, ол туған күнін 16 тамызда атап өтіп, келесі күні 17:00-де ұшақпен ұшуға жазылған. Жоспар бойынша Төңкеріс ауылы маңынан ұшып шығуы тиіс болған. Ол жерге дейін көлікпен келген. Бұл жайында құрбысына айтқан. Ұшар алдында жауын басталған. Диана ұшуды кейінге қалдыра ма деп уайымдаған. 

«Кішкентай ұшақ. Қазір жаңбыр басталды. Мен келгенде ұшпайтын болып қалсам, ренжитін шығармын», – деп жазған ол құрбысына ұшар алдында.

Сондай-ақ ол 16 тамызда ұшпақ болғанын, алайда ауа райына байланысты уақытты кейінге шегергенін айтқан.

«Мен кеше жоспарлағанмын.Туған күніме сыйлық жасауды ойладым. Бірақ кейінге қалдырды. Алла жазса, аман-есен оралсам, сендерге жазып, айтып беремін», – деп жазған ол.

Диана Ахметова сағат 17:38-де қаза тапқан. Анасы байланысқа шықпай қойған соң балалары оны іздей бастаған. Отбасы қайғылы жағдай туралы полициядан бірден хабар алмаған. 

«Балалары анасын іздеген соң іздеумен айналысатын еріктілермен байланыстық. Диананың қайда екенін локация арқылы білдік, Арайлы ауылының маңын көрсетіп тұрды. Сағат кешкі тоғызға қарай жаңалықтар арқылы ұшақтың құлағанын естідік. Алайда полиция туған-туыстарына тек түнде хабар берген. Түнгі  12-де ғана білдік», – дейді марқұмның танысы. 

Диананың артында үш баласы - 19 жастағы қызы және кәмелет жасына толмаған 12 және 14 жастағы екі ұлы қалды. Өткен жылы балалардың әкесі қайтыс болған.

Апта талқысында: