Қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Астана – Сиануквиль және Алматы – Сиануквиль бағыттары бойынша Камбоджаға тікелей жолаушылар рейстерін ашады.
«24 қазанда Астанадан алғашқы рейс орындалды, ал Алматыдан 29 қазанда ұшады деп жоспарланған. Туристерге қолайлы болу үшін рейстер Boeing-757/737 MAX ұшақтарымен чартерлік негізде орындалады», – делінген хабарламада.