Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралдарын жұмылдыра отырып, тәулік бойы іске асырылуда.
Айта кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен. Бір күннен кейін жоғалған тікұшақтың бөлшектері табылғаны белгілі болды.
Кеше, сарбаздар шамамен 14 метр тереңдікте әуе кемесінің ішінара сынықтары мен бір адамның мәйітін тапты.