Мәзір
8 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы АЭС-тің құрылысы ресми түрде басталды

Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында Қазақстан тарихындағы алғашқы атом электр станциясының құрылысын бастау рәсімі өтті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда алғашқы АЭС-тің құрылысы ресми түрде басталды Қазақстанда алғашқы АЭС-тің құрылысы ресми түрде басталды
Фото:gov.kz

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв қатысты.

АЭС құрылысы аясында топырақ алу үшін бұрғылау жұмыстары да басталды. Үлгілері бар капсула зерттеу жүргізу үшін Ресей тарапына беріледі.

Айта кетейік, екінші АЭС-ті қытайлық CNNC компаниясы салады, ал қай жерге салынатыны күзде анықталады. Сондай-ақ, үшінші станцияны да CNNC салуы мүмкін.

Апта талқысында: