Мәзір
7 тамыз, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Қытайға кірген қазақстандық хабар-ошарсыз кетті

Қытайда туып, Қазақстанға көшіп келіп, азаматтық алған Әлімнұр Тұрғамбай 23 шілде күні жұмыс бабымен Шыңжаңға кеткелі бері одан хабар-ошар жоқ. Қасында болған адамдар әйеліне «Қытай шекарасынан оны полиция ұстап әкетті» деп айтқан. Қазақстан мен Қытайдың ресми орындарына сұрау салған туыстары әзірге мардымды жауап алған жоқ, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қытайға кірген қазақстандық хабар-ошарсыз кетті Қытайға кірген қазақстандық хабар-ошарсыз кетті
Фото: Azattyq

Azattyq радиосының жазуынша, Қазақстан азаматының шекарадан ұсталғаны жайлы ақпаратты қазіргі кезде әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.

Алматы облысы Ұзынағаш ауылының тұрғыны Гүлдария Шеризатқызы күйеуі Әлімнұр Тұрғанбайдың биыл 23 шілде күні Қытай шекарасына қарай өткелі тұрған кезде жіберген бейнежазбасын көрсеткен. Онда ол:

«Бұйырса, біз Қытайға кетіп бара жатырмыз, мінеки, мына SITRAK деген машинаны айдап барам. Міне, мына алаңқаймен кетіп бара жатырмын», – дейді бейқам, алаңсыз Әлімнұр Тұрғамбай.

48 жастағы Әлімнұр Тұрғамбай Қазақстаннан Қытайға жүк көлігін айдап барған. Тауар тиеп алып, кері қайтпақшы болған. Шекара асып, жүк таситындарға ақша көбірек төленетіндіктен күйеуім бұл сапарды көптен күтті дейді Гүлдария.

Әлімнұр бұған дейін Қытайға 2017 жылы барып келген екен. Бірақ ол кезде қолында Қытай паспорты болыпты. Содан бері шекарадан Қытай жағына алғаш рет осы жолы өтті дейді әйелі.

Гүлдарияның сөзінше, 23 шілде күні түстен кейін күйеуі өзі айдап барған жүк көлігін Қазақстан шекарасынан Қытайға қарай өткізгенін, енді өзі төлқұжат тексеретін жерден өткелі тұрғанын айтып хабарласқан. Содан бері Әлімнұр Тұрғамбай хабар-ошарсыз кетті. Жақындары алаңдап, ресми орындардың жауап беруін талап етіп отыр.

Апта талқысында: