Мәзір
5 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматы облысындағы Көлсай көлдерінде екі жасар бала жоғалып кетті

Бүгін Алматы облысы ТЖД 112 пультіне Кеген ауданы аумағында орналасқан «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің таулы жерінде 2023 ж. т. баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматы облысындағы Көлсай көлдерінде екі жасар бала жоғалып кетті Алматы облысындағы Көлсай көлдерінде екі жасар бала жоғалып кетті
Фото: ТЖМ

Іздестіру-құтқару жұмыстары үшін Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының кезекші ауысымынан механикаландырылған патруль тобы аттандырылды.

"Жедел жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде бала табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Бала ата-анасына тапсырылды", - делінген ақпаратта.

Апта талқысында: