Мәзір
5 тамыз, 2025 / BuginMedia / Саясат

Суперкомпьютер тауарлардың бағасын бақылайды

Президенттің тапсырмасы бойынша іске қосылған суперкомпьютер тауарлардың бағасын бақылауға және сауда саласындағы мемлекеттік реттеуді жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Суперкомпьютер тауарлардың бағасын бақылайды Суперкомпьютер тауарлардың бағасын бақылайды
Фото: rephones.ru

Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған суперкомпьютердің ресурстары сауда ағындарын талдау және мемлекеттік реттеу үшін пайдаланылатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Абылайхан Оспанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ұлттық статистика бюросы мен Қаржы министрлігінен деректер жинау жоспарлануда. Осыдан кейін ақпарат нақты уақыт режимінде тауарлардың қозғалысын талдай алатын суперкомпьютерге жүктеледі. Жаңа жүйе экспорт пен импортты болжауға, тауарлардың бағасын бақылау және олардың өсу тәуекелдерін бағалауға, сауда саласындағы мемлекеттік реттеуді жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сонымен қатар көлемді деректерді талдау негізінде мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлерге ұсыныстар бере алатын жасанды интеллект көмекшілері құрылады.

Апта талқысында: