Мәзір
4 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі тоқтатылды

Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі тоқтатылды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі тоқтатылды Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі тоқтатылды
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы Шерзат Полаттың ісінде жәбірленушілердің мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Нұрқанаттың ісі тоқтатылған. Алайда біз болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіреміз», – деп жазды Шекеев.

Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Нұрқанат Ғайыпбаев өлі табылды. Жергілікті полиция ол өзіне қол салған деген болжам айтты.

«Сот-медициналық сараптаманың алдын ала болжамы бойынша, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның өзіне қол салу салдарынан қайтыс болғанын көрсетті. Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ», – деп хабарлады полиция департаменті.

Бұған дейін 2024 жылдың 4 қазанында Алматы облысы Талғар қаласында «Қамажай» дүкені алдында жанжал болып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полат көз жұмды. Қылмыстық іс бойынша 9 адам 1,5 жылдан 23 жылға дейін сотталды.

Апта талқысында: