Мәзір
1 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Шымкентте кәмелетке толмаған екі қыз құлдыққа түскен

Шымкентте кәмелетке толмаған қыздар жыныстық құлдықтан құтқарылды, деп хабарлайды buginmedia.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Шымкентте кәмелетке толмаған екі қыз құлдыққа түскен Шымкентте кәмелетке толмаған екі қыз құлдыққа түскен
Фото: pixabay.com

15 және 16 жастағы жасөспірімдерді әлдекімдер сексуалды қатынастарға мәжбүрлеп келген көрінеді. Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған. Тексеріс барысында қыздардың бірі – Тараз, екіншісі – Алматы қаласының тумалары екені анықталды. Қос жасөспірімді үшінші мегаполиске 22 жастағы қыз алып келген. Ал жеткіншектер қайда, не үшін бара жатқанын білмеген.

"Қыздарды сайт арқылы полиция қызметкерлері анықтады. Ата-анасының өтінішімен сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. 26 наурызда орталықтан шығарылды", – деді № 3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Ғалия Сапарәліқызы.

Шымкентте соңғы 5 жыл ішінде 15 азамат адам саудасына тап болған. Олардың арасында көрші елдің тұрғындары да бар. Жәбірленушілердің дені – әйелдер. Кейбірі тіпті құлдықта балаларымен бірге болған.

«Бір кісі мүгедек болып келді. Ол кісіні қанау арқылы, қорқыту, үркіту арқылы адам саудасына салған. Екіншісі Өзбекстанның азаматы болды. Оны да алдап-арбау жолымен қойшыларға тамақ жасату бойынша алып барып, еңбек ақысын бермеген», – деді № 3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Ғалия Сапарәліқызы.

Апта талқысында: