«Менің және әріптестерімнің болжамы бойынша доллар бағамы бәрібір төмендейді. Ол қазіргідей жоғары болмайды. Біз мұндай жағдайларды, бағамның тұрақталған кезін бұған дейін де бірнеше рет көргенбіз. Менің ойымша, Ұлттық банк бұл үшін қолдан келгенін жасайды және нарық та қажетті бағытта әрекет етеді деп ойлаймын», - деп мәлімдеді Скляр.
Естеріңізге салайық, осы аптада доллар бағамы 550 теңгеден асып кетті. Доллардың қымбаттауына байланысты Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге кіріскен.