Қайғылы хабарды марқұмның әріптесі Серікқали Мұқашев жеткізді.
"Асылдың сынығы еді. Тұлпардың тұяғы еді. Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздік атаулыға қаны қас жаужүрек бауырымыз - белгілі журналист Мұхтар Түменбай досымыздан қапыда айырылып қалдық… Бақұл бол, бауырым…", - деп жазды ол.
Ол 1970 жылы 11 тамызда дүниеге келген.
Еңбек жолында бірқатар басылымдар мен республикалық телеарналарда жұмыс істеді. 1992 жылы «Таңшолпан» бағдарламасының алғашқы журналистерінің бірі болса, 2010-2012 жылдары бағдарламаға жетекшілік етті. «Qazaqstan» телеарнасының көрермендеріне «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі ретінде де кеңінен танымал. Арна эфирінен шыққан соғыс қаһармандарына арналған «Мәншүк. Әкеге араша түскен қыз», «Төрт қайсар», «Әлия. Ерлік алгоритмі», «Аспанды бағындырған Хиуаз» деректі фильмдерінің авторы.