Мәзір
Бүгін, 09:39 / BuginMedia / Мәдениет

Тоқаев халық жазушысы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Валерий Михайловты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев халық жазушысы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Тоқаев халық жазушысы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Юрий Беккер/ Казахстанская правда

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, — делінген хабарламада.

Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайлов 1946 жылғы 7 қыркүйекте Қарағандыда дүниеге келген.

Ол В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері-геофизик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Алайда кейін кәсіби жолын журналистика мен әдебиетке арнады.

Михайлов әр жылдары «Вечерняя Алма-Ата», «Ленинская смена» және «Казахстанская правда» басылымдарында еңбек етті. Бұл редакцияларда тілші, бас редактордың орынбасары және бас редактор қызметтерін атқарды.

Жазушының қаламынан «Прямая речь», «Хроника великого джута», «Весть», «Немерцающий свет» және басқа да шығармалар жарық көрді.

2024 жылы Валерий Михайловқа «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2