"Айзатты да, жолдасын да жақсы танимыз. Өте жақын араластық. Құрдастар болып, бір-бірімізге барыс-келісіміз жақсы еді. Бірнеше күннен бері "Айзаттың өзінен де кінә болған" деген пікірлер жазылып жатыр. Не болып, не қойғанын әзірге ешкім білмейді. Марқұмның артынан ондай жаман сөз айтпайық. Айзат та, күйеуі де жап-жақсы адамдар болатын. Екеуінің арасында әлдебір араздық, ұрыс-керіс болғанын араласып жүрген осы 3 жылда көрген емеспіз. Айзаттың өте жақсы келіншек болғанын көзіміз көрді.
Отбасылық достарымыз болды. Айбар бәлкім бірдеңе ішті ме, шекті ме, кім білсін. Көзі байланып қалды ма, білмеймін. Қалай десек те, қылмыс жасалған болса, әркім өз жазасын алады деп сенемін.
Қалай болғанда да, достарымыздың бірін өлімге, бірін түрмеге қимаймыз. Алайда әділдік орнын табады деп сенеміз", - дейді Дана Қасымова есімді әйел.
Айта кетейік, желіде "Жетісу облысы Ақсу ауданында жас әйелді күйеуі азаптап өлтірген" деген ақпарат тарады. Марқұмның туыстарының айтуынша, 32 жастағы келіншек екі жасар қызының көзінше аяусыз өлтірілген. Алдымен жанжал болған, кейін бірнеше сағат бойы азапталған, содан соң әйелді аяусыз соққыға жыққан.Марқұмның туыстары оны білегінен арқанмен аттың ер-тұрманына байлап, далада сүйреген деп есептейді.
@prosto_dansho ♬ оригинальный звук - Маке Сыржанов