Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.
"Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады", - деп жазды Руслан Желдібай.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жетім балаларды Қонаевқа күштеп көшіріп жатқаны туралы желіде видео тараған болатын. Балалар Қонаев маңындағы Заречный ауылына көшірілуі жоспарланған болатын. 21 шілде күні полиция балаларды күшпен алып кетпек болды. Бұл шешім қоғамда үлкен наразылық туғызды.