Ол Қылмыстық кодекстің 146-бабы "Азаптау" бойынша күдікті ретінде қаралып жатыр.
"Бас прокуратура 2025 жылғы 4 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1, 2-тармақтары бойынша көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Кексель О.И.-ны күдікті деп таныды", – делінген Бас прокуратура жауабында.
Прокуратура мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу органдары қосымша дәлелдер жинап жатқаны айтылды. Тергеудің мүддесінде іс бойынша басқа мәліметтер жарияланбайды.
2019 жылы Бас прокуратураға азаматтан өтініш түскен, онда ол тергеу барысында куәлік беруге мәжбүрлегенін айтып, соған қатысы барлар қатарында Кексельді де атаған. Ол кезде іс жалғасын таппады. ІІМ тергеу қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын хабарлаған.