Ресми дерекке сәйкес, 22 жастағы қыз 18 қазан күні танысының қоңырауынан кейін үйден шығып кеткен. Жеңіл күртке алмаған, себебі тез оралармын деп ойлаған. Өмірінің соңғы минуттарын сол танысының көлігінде өткізген. Үйге оралмаған. Оның заттарын әлдене болғанын сезіп, қызметтік іс сапарынан шұғыл оралған анасы тапқан.
Бастапқыда жоғалғаны туралы қысқа хабар тарады. Янаның күнделігі үлкен көмек болды, онда ол «Р.» деген біреу туралы жазған. Көп ұзамай полиция 24 жастағы Р. мен оның 25 жастағы сыбайласын ұстады. Олар қызды тұншықтырып, денесін Талдыкөл ауылы маңындағы Жайық өзеніне тастағандарын мойындады. Бұған не түрткі болғаны әлі ашылмады.
Жергілікті аймақты зерттеу дереу басталды: өзен түбі, жағалаулар, қамыс, батпақты жерлер. Сүңгуірлер, дрондар, кинологтар мен эхолоттар жұмыс істеді. Қазаннан желтоқсанға дейін нәтиже болмады. Жайық қатқаннан кейін іздеу тоқтатылды. Көктемде іздеу қайта жалғасты. Жүз сағаттап, ондаған сүңгуірлік операциялар жүргізілді, мыңдаған шаршы метрлер тексерілді — бірақ із табылмады.
Тек 20 маусымда ғана дене табылды. Сараптама нәтижесі Янаның денесі екенін растады.
«Енді ең болмағанда жерлей аламын. Маған сүйегі берілген соң, қызымды туған жері – Орал маңындағы Чапаевқа апарамын. Бұдан қайғым азаймайды бірақ бір нүктесі қойылды. Кінәлілер тиісті жазасын алады деп үміттенемін», — дейді қыздың анасы Галина Легкодимова.