Мәзір
2 шілде, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

АШМ ауру малдың еті тарады деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Астанада жұқпалы ауруға шалдыққан малдың еті тарағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жағдай толық бақылауда, деп хабарлайды buginmedia.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

АШМ ауру малдың еті тарады деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады АШМ ауру малдың еті тарады деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: behance.net

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мәліметінше, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Астана қаласы «Әлем» сауда орнына сібір жарасы ауруына шалдыққан мал етінің жеткізілгені туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Бүгінгі күнге дейін елордадағы сауда орталықтарында, соның ішінде «Әлем» сауда орнында жұқпалы ет өнімінің сатылуы немесе жеткізілуі туралы ешқандай факт тіркелген жоқ. Барлық жеткізілген ет өнімдері міндетті ветеринарлық-санитарлық тексеруден өтеді. Сондықтан тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ", - делінген ақпаратта.

Бұған дейін бірен-саран жағдайлар тіркелген Атбасар ауданында кешенді дезинфекциялық жұмыстар толық аяқталды. Қауіпті ет өнімдері белгіленген санитарлық тәртіппен жойылды. Тұрғындар медициналық тексеруден өтіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Астанада сібір жарасын жұқтырған мал еті сатылып жатқаны жөнінде ақпарат тарап, елорда тұрғындарын еттен бас тартуға шақырған. 

Апта талқысында: