Мәзір

Мал өсіруге мемлекеттен қолдау алғандар малын үш жыл өтпей сатса, сотталуы мүмкін

Мал өсіруге мемлекеттен қолдау алғандар малын үш жыл өтпей сатса, сотталуы мүмкін Мал өсіруге мемлекеттен қолдау алғандар малын үш жыл өтпей сатса, сотталуы мүмкін
ашық дереккөз

Мемлекеттен мал шаруашылығын дамыту үшін несие немесе субсидия алған шаруалар сатып алған малын кемінде үш жыл сақтауы тиіс. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Вице-министрдің айтуынша, кейбір шаруашылық иелері мемлекеттік қолдауға ие болғаннан кейін малды белгіленген мерзім аяқталмай жатып сатып жіберген. Осыған байланысты бірқатар мәселелер туындаған.

«Ережелерде жазылған: егер сіз мал сатып алатын болсаңыз, оны екі немесе үш жылға дейін басқа жерге сатуға болмайды. Көп жерде малды алғаннан кейін үш жыл өтпей сатып жіберген. Ал ауыл шаруашылығы басқармалары нақты тексермеген. Енді осындай олқылықтар болмас үшін ережелерді өзгертіп жатырмыз», – деді Аманғали Бердалин.

Оның сөзінше, бұған дейін шаруашылық иелері жергілікті атқарушы органға барып есеп берген. Қазір ауыл шаруашылығы басқармаларының жылына бір рет тексеру жүргізу тәртібі енгізіліп жатыр.

Сонымен қатар, вице-министр қазіргі уақытта Қазақстанда асыл тұқымды мал өсіруге субсидия берілмейтінін айтты.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2