Мәзір
30 маусым, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Демалыстан қайтқан сарбаз»: Абай облысында жол апатынан төрт адам ажал құшты

Абай облысында жол апатынан төрт адам ажал құшты. Марқұмдардың үшеуі — бір үйден, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Демалыстан қайтқан сарбаз»: Абай облысында жол апатынан төрт адам ажал құшты «Демалыстан қайтқан сарбаз»: Абай облысында жол апатынан төрт адам ажал құшты
Фото: istockphoto.com

КТК телеарнасының хабарлауынша, қайғылы жағдай Өскемен - Алматы тас жолында болған. Аягөз гарнизонының әскери бөлімінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген сарбаз демалысынан қайтып келе жатқанда Toyota қарсы бағытқа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, екі көліктің де сау тамтығы қалмаған. Салондағы жолаушылар кептеліп қалған. Оқиға орнында сарбаз бен оның ата- анасы және 62 жастағы жүргізуші қаза тапты. Олардың денесін тұрғылықты жеріне жеткізуге әскери ұшақ жұмылдырылды. Аталмыш жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүріп жатыр.

"ҚР ҚК «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеті» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды", - дейді Абай облысы ПД ақпараттық саясат басқармасының инспекторы Айдана Қозыбаева.

Апта талқысында: