Мәзір
18 маусым, 2025 / BuginMedia / Саясат

Кәрім Мәсімовтің өкілдері оның денсаулығы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын айтты: Ішкі істер министрлігі не дейді?

Кәрім Мәсімовтің өкілдері оның түрмеде жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын мәлімдеген, деп хабарлайды buginmedia.kz

Кәрім Мәсімовтің өкілдері оның денсаулығы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын айтты: Ішкі істер министрлігі не дейді? Кәрім Мәсімовтің өкілдері оның денсаулығы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын айтты: Ішкі істер министрлігі не дейді?
Фото: vlast.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің денсаулығында кінәрат жоқ екенін айтып, ақпаратты жоққа шығарды.

"Ол жазасын өтеп жатыр. Денсаулығына қатысты айтылған сөздер тексерілуде. Жағдайы бірқалыпты", - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Еске салайық, 2023 жылдың сәуірінде Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекеттену және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

2024 жылдың маусымында Мәсімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа рақымшылық сұрап өтініш білдірген. Алайда оның өтініші қанағаттандырылмады.

Апта талқысында: