Мәзір
16 маусым, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариевтің «ғашығы» да қамауға алынады

Жуырда ұсталған танымал қайырымдылық қордың жетекшісі Ілияс Сариевке қатысты журналист Руслан Өтепбай жаңа дерекпен бөлісті,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариевтің "ғашығы" да қамауға алынады Қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариевтің "ғашығы" да қамауға алынады
Фото: видеодан алынды

Осы істе Ақтоты есімді тағы бір адам аталды.

"Судья Искакбаеваның үкімімен күдікті Ақтоты Болатқызы Дүйсееваға қатысты 2 (екі) ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.  Ол дегеніміз Ақтоты тергеу амалдары кезінде бостандықта шалқып жүрмейді, сотты СИЗО-да күтеді деген сөз. «Екі ғашық» СИЗО-да, ал елдің ақшасы қайда? Мұны құзырлы орган анықтайды деп ойлаймын… 3 айдан бері жіті назарымда болған Ілияс пен Ақтотының ісі таяу күндері сотқа жолданады. Тың жаңалықтар болса, сіздерге хабар беремін", - деп жазды журналист.

"Елге көмек бер" қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев ұсталғанын алғашында заңгер Нұрсұлтан Орынбеков мәлімдеді. Оның сөзінше, жұрттан Сариевтің үстіне арыз түскен.

"Қазақ Робин Гуд Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды. Алматыдан осындай хабар келді. Бірнеше адамнан алаяқтық әрекеті бойынша арыз түскен еді. Қазір сол бойынша ұсталғаны белгілі болды. Алданғандар болса, Алматы ІІД-не арыздансаңыздар болады", - деді ол.

Артынша Алматы қаласы полиция департаменті блогердің ұстауына қатысты түсініктеме берді.

"Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ақпаратта.

Апта талқысында: