Бас прокуравтураның хабарлауынша, 16 адам ұсталды, олардың қатарында осындай қылмыстар үшін бұрын сотталғандар да бар.
Қылмыстық топтың құрамында тікелей браконьерлер, заңсыз ауланған балықты тасымалдау және сату ісімен айналысқан логистер, сондай-ақ бұл қылмыстық әрекетті үйлестіріп отырған ұйымдастырушы болған.
"Барлығы 12 тінту шарасы жүргізіліп, нәтижесінде бір тоннадан астам заңсыз ауланған балық, 12 қайық пен олардың қозғалтқыштары, 2 мың метрден астам балық аулау торы және басқа да браконьерлікке арналған құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді", - делінген ақпаратта.
Алдын ала келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асты.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.