Мәзір
Бүгін, 14:47 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қостанай облысында әкесі мен қызы өзенге батып кетті

Қостанай облысында отбасылық демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды. Тобыл өзенінде ер адам мен оның кәмелетке толмаған қызы суға батып кетті, деп хабарлайды buginmedia.kz Tobolinfo басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысында әкесі мен қызы өзенге батып кетті Қостанай облысында әкесі мен қызы өзенге батып кетті
Фото: shutterstock

Қайғылы оқиға 13 тамызда Қостанай ауданындағы Нечаевка ауылының маңында болған.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, ер адам бес баласымен бірге су жағасына барып, шомылуға арналмаған жерде суға түскен.

«Шомылу кезінде екі қыз суға бата бастаған. Олардың бірі өздігінен жағаға шығып үлгерді. Екінші қыз суда қалып қойды. Әкесі жүзе алмайтынына қарамастан, қызын құтқаруға ұмтылған. Салдарынан екеуі де суға батып кетті», – делінген хабарламада.

Ағыс ер адам мен қыздың денесін алып кеткен. Құтқарушылар баланың денесін 13 тамыз күні кешке тапты. Ал ер адамның денесі келесі күні табылды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2