Сity Transportation Systems компаниясының мәліметінше, құрамды көтеру барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай келе штаттық режимде өтті.
Құрамды көтеру – LRT жүйесін салу аясындағы жоспарлы шаралардың бір бөлігі болып табылады. Вагондар станцияда 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған сынақтық іске қосу жұмыстарына дейін тұрады.
«LRT жобасын іске асыру – заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың мобильділігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Алғашқы құрамды көтеру – жобаны жүзеге асырудағы маңызды кезең. Біз жұмыс кестесіне сай алға жылжып келеміз, алдағы күзде LRT жүйесінің сынақ жұмыстарын бастаймыз», — деді «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.
Құрылысы 14 жылға созылған LRT биыл күзде сынақ режимінде іске қосылады деп күтілуде. Астанадағы LRT құрылысын Сity Transportation Systems компаниясы жүргізіп жатыр.