Мәзір
9 маусым, 2025 / BuginMedia / Білім

Жазғы демалыста оқушылар мен студенттер қайдан жұмыс таба алады?

14-18 жастағы оқушылар мен студенттер енді жазғы демалысында enbek.kz порталы арқылы жұмыс іздеп таба алады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жазғы демалыста оқушылар мен студенттер қайдан жұмыс таба алады? Жазғы демалыста оқушылар мен студенттер қайдан жұмыс таба алады?
Фото: Абай облысы әкімдігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша,  20 мамырдан бастап «Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz) порталында жазғы уақытта жұмыс істегісі келетін 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған «Менің жазғы демалысым» атты арнайы бөлім іске қосылған.

"Бұл бөлім оқушылар мен студенттерге жазғы демалысты тиімді өткізіп қана қоймай, алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға және еңбек дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жас ізденушілер үшін порталдың мүмкіндіктері мен кәмелетке толмағандар үшін бос жұмыс орындарын іздеу қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетіні туралы «Білу маңызды» жобасының жаңа шығарылымында айтатын боламыз", - делінген ақпаратта.

Апта талқысында: