Мәзір
4 маусым, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматыда жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы сатқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы қаласы бойынша ҰҚКД және қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды buginmedia.kz

Алматыда жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы сатқан қылмыстық топ ұсталды Алматыда жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы сатқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: jarialike.kz

Тергеу деректеріне сәйкес, бұл қылмыстық топ соңғы бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы бала сатқан. Қаскөйлердің негізгі мақсаты – әлеуметтік жағынан осал топтағы әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді заңсыз жолмен сату болған.

Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сатқан күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Сәби мемлекет қамқорлығына беріліп, тиісті мекемеге орналастырылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ елдің басқа өңірлерінде осыған ұқсас эпизодтардың болуы мүмкіндігі тексерілуде.

«Бұл – бірінші жағдай емес. Мұнда тұрақты, тіпті өңіраралық байланыстары бар тізбектің бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Барлық қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстары жалғасуда. Балаларға, әсіресе жаңа туған сәбилерге қатысты заңсыз әрекеттер – бұл ерекше қатыгез және ауыр қылмыс. Мұндай әрбір дерек заң аясында әділ бағасын алады», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Куатбек Науатов.

Апта талқысында: