“Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км. жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер анықталуда. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Осы сәтте сотта сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сөйлеп жатқан болатын. Ол бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысқан сарапшы ретінде танымал. Жер сілкінісінен кейін судья үзіліс жариялады.