Мәзір
23 мамыр, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Сәтбаевта ер адам подъезде қызға шабуыл жасады: полиция күдіктіден жауап алу сәтінен видео жариялады

Сәтбаев қаласында қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам жасаған ісін мойындады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Сәтбаевта ер адам подъезде қызға шабуыл жасады: полиция күдіктіден жауап алу сәтінен видео жариялады Сәтбаевта ер адам подъезде қызға шабуыл жасады: полиция күдіктіден жауап алу сәтінен видео жариялады
Фото: видеодан алынды


Ұлытау облысы ПД хабарлауынша, күдіктінің зардап шегушімен бетпе-бет кездесулері өткізілді. Қазіргі уақытта қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам мойындау көрсетілімдерін берді.

Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғынына жасалған шабуыл фактісі бойынша полиция күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.

“Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы (қылмысқа оқталу) және 120-бабының 1-тармағы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген ақпаратта.
 

Сотқа дейінгі тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайларын анықтауға, дәлелдерді жинау мен тіркеуге, тұрғындардан сұрастыруға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу жалғасуда.

Апта талқысында: