Мәзір

Мейрамбек Беспаевтың домбырасы 15 миллион теңгеге бағаланды: оны Заттыбек сатып алды

Мейрамбек Беспаевтың домбырасы 15 миллион теңгеге бағаланды: оны Заттыбек сатып алды Мейрамбек Беспаевтың домбырасы 15 миллион теңгеге бағаланды: оны Заттыбек сатып алды
Фото: видеодан алынды

Әнші Мейрамбек Беспаевтың 50 жылдық мерейтойында оның домбырасы аукционға шығарылып, 15 миллион теңгеге сатылды. Ұлттық аспапты әнші Заттыбек Көпбосынұлы сатып алды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мерейтойда ұйымдастырылған бәссаудаға өнер иесінің домбырасы қойылған. Оны сатып алуға бірқатар танымал өнер өкілі қызығушылық танытқан.

Алдымен ақын Ақберен Елгезек аспапқа 4,4 миллион теңге ұсынған. Кейін баға 7,5 миллион теңгеге дейін көтерілген. Ал әнші Тоқтар Серіков домбыраны 10 миллион теңгеге алуға дайын екенін айтқан.

Алайда бәссаудада ең жоғары бағаны Заттыбек Көпбосынұлы ұсынып, домбыраны 15 миллион теңгеге иеленген.

Осылайша, Мейрамбек Беспаевтың мерейтойындағы ерекше сыйлық әнші Заттыбекке бұйырды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2