Мәзір
Бүгін, 16:19 / BuginMedia / Аймақ

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы күндері Қазақстан аумағында циклондық әрекеттің әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buginmedia.kz.

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: pixabay.com

Найзағайлы жаңбыр, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл және тұман болады. Тек шығыста, сондай-ақ 20-21 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

20 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысында, 22 мамырда күндіз Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, ал оңтүстік-батыс пен шығыста тұман күтіледі.

Ауа температурасы:

- Батыс пен солтүстік-батыста: күндізгі температура +18...+28°С-тан +15...+25°С-қа дейін төмендейді.

- Солтүстікте: күндізгі температура +20...+26°С-тан +20...+29°С-қа дейін көтеріледі.

- Орталық пен шығыста: күндізгі температура +20...+28°С-тан +22...+33°С-қа дейін көтеріледі.

- Оңтүстікте: күндізгі температура +25...+35°С-тан +28...+38°С-қа дейін көтеріледі.

- Оңтүстік-шығыста: күндізгі температура +22...+30°С-тан +30...+38°С-қа дейін көтеріледі.

Ауа райының өзгеруіне байланысты тұрғындарға ауа райы болжамдарын қадағалап, сақтық шараларын ұстану ұсынылады.

Апта талқысында: