Мәзір

Биыл қыс қандай болады?

Биыл қыс қандай болады? Биыл қыс қандай болады?
ашық дереккөз

Қазақстанда 2026 жылғы қараша жылы болады деп болжанып отыр. Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, айдағы орташа ауа температурасы климаттық нормадан 2°С жоғары болуы мүмкін. Сонымен қатар елдің бірқатар өңірінде жауын-шашын мол түседі деп күтіледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар және жаңбыр аралас қар жауады. Солтүстік пен шығыс өңірлерде айдың басынан кейін негізінен қар жаууы ықтимал. Еліміздің көптеген аймағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін. Солтүстік жартысында бұрқасын болуы ықтимал.

Айдың басында солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +5…+16°С-қа дейін көтерілсе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +15…+25°С-қа жетуі мүмкін. Алайда батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда ауа райы салқындайды.

Қарашаның екінші жартысында ауа температурасы құбылмалы болады. Жекелеген күндері солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі аяз −10…−18°С-қа дейін жетуі ықтимал.

Биыл қыс қандай болады?

Маусымдық болжам бойынша, Қазақстанда алдағы қыс салыстырмалы түрде жылы болады деп күтіледі. Жауын-шашынның жалпы мөлшері негізінен климаттық норма шамасында болады. Дегенмен солтүстік-батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық өңірлердің кейбір аудандарында жауын-шашын нормадан көп түсуі мүмкін.

Желтоқсанда республиканың барлық аумағында орташа ауа температурасы климаттық нормадан 2°С жоғары болуы ықтимал. Жауын-шашын елдің басым бөлігінде нормаға сай түседі деп болжанып отыр.

Қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады. Ал солтүстік-батыс өңірлердің бірқатарында температура климаттық норма шамасында болуы мүмкін.

Ақпанда елдің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1–3°С жоғары болады деп күтіледі. Солтүстік пен шығыста температура норма шамасында болуы ықтимал. Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары болуы мүмкін.

Қазгидромет болжамында қыс бойы ауа температурасының күрт құбылуы мүмкін екені де ескертілген. Желдің екпін алуы, бұрқасын, тұман және көктайғақ болуы ықтимал. Температураның жиі ауысуы қар жамылғысының ішінде мұз қабатының түзілуіне әсер етуі мүмкін.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2