Мәзір
Бүгін, 09:58 / BuginMedia / Жаңалықтар

14 мамырда елімізде аптап ыстық болады

«Қазгидромет» РМК 14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады,деп хабарлайды Buginmedia.kz.

14 мамырда елімізде аптап ыстық болады 14 мамырда елімізде аптап ыстық болады
Фото: Pixabay

Астанада құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні: 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 14-16, күндіз 31-33 градус жылы.

Көкшетауда құбылмалы, бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы: түнде 12-14, күндіз 22-24 градус жылы.

Алматыда құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Қонаевта құбылмалы, бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 31-33 градус жылы болады.

Талдықорғанда құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 32-34 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 35-37 градус жылы болады.

Түркістанда ауа райы жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соққан жел екпіні 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы: түнде 20-22, күндіз 36-38 градус жылы.

Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 20-22 градус жылы болады.

Атырауда құбылмалы, бұлтты болып, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 26-28 градус жылы болады.

Ақтауда құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 19-21 градус жылы болады.

Ақтөбеде құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы: түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.

Қостанайда күн бұлтты, құрғақ. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы болады.

Петропавлда күн бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Павлодарда күндіз құбылмалы, бұлтты болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 22-24 градус жылы.

Қарағандыда құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желекпіні 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы: түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы.

Жезқазғанда күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз өте ыстық, 33-35 градус болады.

Өскеменде құбылмалы, бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы болады.

Семейде құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні: 5-10 м/с. Ауа температурасы: түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Қызылордада ауа райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз өте ыстық – 40-42 градус. 

Таразда құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 35-37 градус жылы болады.

Апта талқысында: