Бас прокурордың жауабында айтылғандай, жəбірленушілердің құқықтарын қорғау мақсатында 2024 жылғы маусымда «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Заңға қаржы ұйымдарына алаяқтық əрекеттердің себептері мен салдарын жоюға; тергеу кезеңінде осындай қарыздар бойынша берешекті өндіріп алуға жəне талап-арыз жұмыстарын тоқтата тұруға; клиенттің қатысуынсыз кредит алу кезінде клиенттің қарызын есептен шығаруға, сондай-ақ клиентке осындай қарыз бойынша бұрын ұсталған (төленген) сомаларды қайтаруға бағытталған жəне т.б. талаптарды енгізуді көздейтін түзетулер қабылданды.
“Осы механизм сондай-ақ қаржы ұйымдарына кибералаяқтықтан зардап шеккен қарыз алушылардың шоттарын банк қарыздарын кешіктіріп төлеуге байланысты бұғаттауға мүмкіндік бермейді. Заңнамалық түзетулерді орындау шеңберінде 2,5 мыңнан астам жəбірленушіден 3,4 млрд теңгеден астам сомаға кредитті өндіріп алу тоқтатылды, жəбірленушілердің 1,6 млрд теңгеден астам сомаға қарыздары есептен шығарылды”, – делінген Бас прокурордың жауабында.