Мәзір

«Отбасы банк» несие рәсімдеу комиссиясын 1 млн теңгеге дейін көтереді

«Отбасы банк» несие рәсімдеу комиссиясын 1 млн теңгеге дейін көтереді «Отбасы банк» несие рәсімдеу комиссиясын 1 млн теңгеге дейін көтереді
ашық дереккөз

«Отбасы банк» 2026 жылғы 31 қазаннан бастап алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын рәсімдеу комиссиясының шекті мөлшерін өзгертеді. Бұған дейін комиссия заем сомасына қарамастан 300 мың теңгеден аспаса, енді оның көлемі қарыз мөлшеріне байланысты есептеледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Комиссия мөлшері қалай өзгереді?

krisha.kz жазуынша, жаңа тәртіп бойынша комиссия заем сомасының 1%-ын құрайды. Алайда оның ең жоғары шегі қарыз көлеміне қарай белгіленеді:

50 млн теңгеге дейінгі заемдар үшін — 300 мың теңгеге дейін;

50 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейінгі заемдар үшін — 500 мың теңгеге дейін;

100 млн теңгеден асатын заемдар үшін — 1 млн теңгеге дейін.

Мысалы, бұрын 70 млн теңге заем алған клиент 300 мың теңге комиссия төлесе, жаңа тәртіп күшіне енгеннен кейін бұл сома 500 мың теңгеге дейін өседі. Ал 150 млн теңге заем рәсімдеген клиент үшін комиссия 300 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін ұлғаяды.

Өзгеріс кімдерге әсер етеді?

Банктің мәліметінше, салымшылардың 92%-ы 50 млн теңгеге дейінгі сомада заем алады. Сондықтан олар үшін комиссия мөлшері өзгермейді.

Жаңа талаптар 31 қазаннан бастап банкке түсетін өтініштерге қолданылады. Осы күнге дейін берілген өтініштер бұрынғы шарттар бойынша қаралады. Ал бұған дейін рәсімделген заемдарға өзгеріс әсер етпейді.

Банк жаңа тәсіл комиссияны заем көлеміне қарай саралауға мүмкіндік береді деп есептейді. Комиссия заем берілген кезде бір рет алынады. Ал мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін заемдарға комиссия салынбайды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2