Мәзір
21 қазан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қар, көктайғақ, тұман: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК 22-24 қазанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz

Қар, көктайғақ, тұман: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды Қар, көктайғақ, тұман: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: rg.ru

Синоптикердің болжамынша, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ құбылыстары, батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, жекелеген облыстарда күндіз найзағай болады деп болжанады.

23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), 24 қазанда Жетісу облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді және тұман болжанады.

Температураның фонында күрт өзгерістер болжанбайды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2